Еске алу олендери олген адамга

Еске алу олендери олген адамга

Бауыр десе жұлып берер жүрегін,

Әпке деген асыл жан дүниедегі!

Руы Тобықты – Ақсары – Назар

Досымбекова Барқұт Есдәулетқызы

1 жыл өтті өзіңді көрмегелі,

Еске аламыз жарқылдаған жүзіңді.

Қойны суық қара жерге бере алмай,

Сағыныштан ет жүрегіміз езілді.

Амал бар ма құдіреті күшті Құдайға,

Не істерін Алла бізден сұрай ма?

Асыл бауыр, ақ жүзіңді сағынамыз,

Алланың жазғаны ғой не қыламыз.

Сонда да ойлай-ойлай нұр жүзіңді,

Туған-туыс, дос-жаран боп еске аламыз.

Алла салды басымызға сынақты,

Жиі еске алсын деп пе жылатты.

Қайғыс мен қызығы көп өмір-ай,

Бірде көтеріп, бірде жығып, құлатты.

Апатай, шаңыраққа болдың пана,

Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.

Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,

Сағындық қой сізді, баршамыз да.

Бауырлардың әрдайым тірегі едің,

Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.

Болмасаң да бүгін біздің жанымызда,

Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,

Сағынышпен туғандары еске алады.

Өзіңізбен тәрбір өткен күндеріміз,

Жадымызда мәңгіге сақталады!

Мәңгілік кім бар дейсің бұл жалғанда,

Ортада жүрсең өзің арман бар ма?

Қапияда кеттің-ау «қош» дей алмай,

Жақындарға, туған-туыс, бауырларға.

Арамыздан кете бардың алыстап,

Уайым-қайғы жүректерді жаныштап.

Пейіштің төрі болсын орыныңыз,

Рухыңызға дұға оқимыз бағыштап.

Мейіріммен жымиған күлкіңізді,

Еске алып мәңгілікке сағынамыз.

Жатқан жерің, жан бауыр, жайлы болып,

Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде!

Сұм ажалдың дегеніне бағындық,

Бір Аллаға жалбарынып жалындық.

Ортамыздан табылмадың, апатай,

Нұр бейнеңді бүгін біздер сағындық.

Сағынып таусылардай көздің жасы,

Өмірдің тоқтағандай бар ағысы.

Елесің арман болды, жыл өткердік,

Қиылған бауырымның ғұмыр жасы.

Кетпейді құлақтан еш бөлек үнің,

Әттең-ай кім біледі жөнелерін.

Алладан медет тілеп дұға етеміз,

Туысқан нағашы жұрт, бауырларың.

Пейіштен берсін деймін саған орын,

Несіп етсін көруге жұмақ төрін.

Бақыл бол, апатайым, жан бауырым!

Сақталар жүректерде сенің орның!

Мекенің жұмақ, мінгенің пырақ, қараңғы үйің жарық болсын, асыл бауырым!

Сағына еске алушылар: әкесі – Есдәулет, бауырлары, күйеу балалары, келіндері, жиендері.

Источник: orken-media.kz

Өлең: Еске алу

Анажан шаңыраққа болдың пана.
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда.
Сағындық,ана, сізді баршамыз да.
Жан-ана, ұл-қызыңның тірегі едің.
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін біздің жанымызда.
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы.
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен өткен күндер.
Жадымызда мәңгіге сақталады.

Сезім шіркін көңілдерді кернеген,
Қимастықтың күйін шертіп тербеген.
Күтпеп едік, көріп жүрміз бүгінде
Қиындықты біздер бұрын көрмеген.

Сағыныштан жүрек тулап алқынды,
Жылағаннан көз жасымыз сарқылды.
Жол апаты болған сүрең қаңтарда
Мәңгілікке жоғалттық үш алтынды.

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда
Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.
Өзімізді санаушы едік бақытты,
Үшеуі де ортамызда болғанда.
Алла алды, өзі берген жандарын
Тілейміз біз жұмақтан орын болғанын
Туыс, бауыр, достарынан сұраймыз
Дұға оқып, естеріне алғанын!

Еске аламыз ардақты да апамызды
үлкеніміз ақыл айтар панамызды,
егілеміз жылаймыз еске алып
кең пейілді ақ көңіл Раушанымды.

Жылаймыз да көнеміз ғой тағдырға
бала шағаң туыстарың бар мұнда,
ешқашанда ұмытпаймыз біз сені
дұға жасап барып тұрамыз басыңа.

Арай менен Айгерімдей қыздарың
Айдос Жандос алтын сенің ұлдарың,
Жандосыңның қызығында көрмедің
көп болды ғой армандаған арманың.

Немерең бар Апа деген өзіңді
сағынады айтқан сенің сөзіңді,
апаларын іздейді олар сағынып
мейірімді жарқын сенің жүзінді.

Жездем жүрғой сені ойлап жылайды
Раушаным деп сағынады ойлайды,
орта жаста опырылдау омыртқаң
жыласаң да орны енді толмайды.

Аға бауыр сіңілдерің өзіңнің
қарашығы біздер сенің көзіңнің,
апатайым ақыл айттың сен бізге
астары бар сенің айтқан сөзіңнің.

Тірі болса туған күні болушеді
елу алты жасқа бүгін толушеді,
сұм ажал кеп акетпесе апайымды
ортамызда күліп ойнап жүрушеді.

Тура деген сөздерің бар ұмытылмас
сол сөздерің мына біздің естен шықпас,
сол сөзіңді бір естуге зар болдық қой
апатайым туысың бар сені қимас.

Жақсы адам ол жаққа да керек екен
жұмақ төрін апатайым мекендеген,
Раушантайым кетеді деп кім ойлады
Алла берген ғұмыр жасы өлшеулі екен.

Читать еще:  Коэффициент выпрямления диодного моста

Топырағың торқа болсын жан апам
орын берсін Аллам саған жұмақтан,
қорғап қолдап аруағыңмен ұрпағыңды
сақтай көрші Аллам өзің жаратқан.

Бауырың Ерік Еренғазыұлы.

Отбасың туыстарың
Сағынып еске аламыз.

Әне-міне дегенде,
1жыл өтті қас қағым.
Пай-пай шіркін өмір ай,
Қара-ақтан ау тұрасын.

Бүгін бармыз,ертен жоқпыз-деген сөз
Ойға салар,күрсіндіріп,мұңайтып.
Күліп-ойнап,ұмыттығой бұл кісі,
Сағынбайды-дейтін шығар әр кісі.

Сағынамын, сағынамын әрине,
Сағынамын,сағынбайды’ деседе,
Кім сағынбас?!адал досты,сендей ау
Кім сағынбас?!сендей досты,жаным ау.

Әр кез сені еске алып ойланам,
Орынынды баспайды екен әр адам.
Өкініштен тұратын бұл өмірге,
Өкпелімін,ех шіркін алып кетер біздіде.

1жыл өтті көрмегелі өзіңді,
Еске аламын жарқылдаған жүзіңді,
Еске аламын көнілді бір кезіңді.
Еске түсер қызық күндер бұрынғы,
Қайтпайтының кім біліпті ол күнді.

Қас-қағымда кеттінғой сен бұл күні,
Жүзімізді бір мұңайтып,жылатып.
Ажал айтып келмейдіғой-деп бірақ,
Бірімізді біріміз жүрік жұбатып.

Пай-пай шіркін өмір ай,
Қара-ақтан тұрасын..
Күліп жүрсен бүгін сен,
Бәлкім ертен жыларсын.
Кеткендерді еске ап,
Бір сәтте мұңға батасын.
Бақыттысын сен бірақ,
Қара жерді басасын.
Есте сақтап,ұмытпассын бәлкім сен,
Қара жерде бір күні сенде жатарсын.

Жыл толды алып жүрек тоқтағалы
Жыл толды ұлымызды жоқтағалы
Алайда ұлымыздың нұр бейнесі
Көңілдерде мәңгілік сақталады

Еске аламыз сағынамыз өзіңді
Бір жыл болды көздің жасы төгілгелі
Ақ көңілді жан едің ғой өмірде
Неге өмір қысқа болып берілді

Еске алады сағынады ата анаң
Сұм ажалға кімдер қарсы баралған
Жердің бетін жетірет айналсамда
Өзіңдей ұлды қайдан таба алам

Өмір неге қатал едің аяусыз
Қара жердің тоймағаны мазасыз
Өткен жылы он жетіге келгенде
Жастың жанын алып кеттің шыдамсыз

Сағынамыз сарғайамыз жабыға
Қайғы мұңды көтерерміз жабыла
Қара жерді сен жатырсың жамыла
Көзімізден ыстық жастар ағыла

Достарыңда көбеді ғой жаныңда
Өзің едің тұңғышымда барымда
Қуанушедің қос қарындас барына
Қуанушедің аға болған бауырға

Міне бүгін жиналдық сенің жылыңа
Тума туыс жиналған жұрт қайғыра
Бізді ойлап Қуандығым қайғырма
Қош бол енді əрең жүреміз жарыла

Қос жанарым жылағаннан оралмас
Сыр шертемін жүрегімде ауыр тас
Еш қашанда айлар өтсін жыл өтсін
Есімізден еш қашанда жойылмас

Қуандық Ниязымбетовтың рухна арнау

Жазған : Калиев Мейрамбек

Аяулы жар, ардақты әкеміз. Орта жүз, Руы – Көшкін-Шақабай, Қасымбекұлы Жолдыбай көзі тірі болса, 8 маусымда 80 жасқа толар еді… Сұм ажал ортамыздан алып кеткеніне 27 жыл толып отыр. Әкемізді сағына еске ала отырып, топырағың торқа, жанның жәннатта нұрлансын деп Алладан тілейміз.

Әкеден асқар жок екен!
Әкенің сөзі оқ екен.
Қарайып жүрсе қасыңда,
Уайым-қайғы жоқ екен.

Өзің жайлы айта алмаймыз тауысып,
Ел айтады, жұрт айтады жарысып.
Көпшіліктен алған алғыс, сауабың,
Жатқан шығар, рухыңменен қауышып.

Әке, көзден кеттіңіз мәңгі жырақтап,
Сенбей сізді көп іздедік біз жылап.
Кетіпсіз ғой бұл өмірден мәңгіге,
О дүниені мекен қылып тұрақтап.

Әке деген асқар тауың,орманың,
Әке деген жұбанышың,қорғаның!
О,адамдар бар кезінде Әкені,
Қадірлейік,өкініште болмағын!

Адам мәңгі жүрмейді бұл жалғанда,
Көнеміз ғой тағдырдың салғанына.
Көзімізге ып-ыстық жас келеді,
Әке, өзіңді сағынып, еске алғанда!

Бәйтеректей әулетке сая болған,
Бәрінен де мейірімін аямаған.
Жәннатта жаның болсын, рухың биік,
Өзіңдей қайда бізге аяулы адам.

Жалғап өскен ағайынның арасын,
Қайран Әке, бір төбе дарасың.
Тірі болса артыңдағы ұрпағың,
Әкешім, мәңгі есте қаласың!

Қол жайып «Әумин» — деп бата оқып,
Жүреміз талай барып қабіріңе!
Мейіріммен жымиған күлкіңізді,
Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.
Жатқан жерің, жан әке, жайлы болып,
Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.

Еске алушылар: зайыбы – Орал, балалары, күйеу балалары, немерелері-шөберелері

Источник: www.zharar.com

Өзіңді сағынған жүрегім.

Белгілі ақын Есенғали Раушанов Сағи Жиенбаев туралы жазған «Жұмсақ» атты естелік мақаласында «Мен оның Әже туралы шағын ғана өлеңдерiн басқалардың арыстандай ақырған, өлi аруақтарды шақырған «ұлтшыл» дастандарының ешқайсысына да бермес едiм. Ол қазақ поэзиясында Әже бейнесiн қайталанбастай қып сомдай бiлдi. Оның әжесi сенiң де, менiң де, оның да әжесi секiлдi әсер қалдырады. Ескi мақал «аспанда ай ортақ, көкте күн ортақ» дейдi. Жерде жақсы адамдар ортақ.

Әдебиетiмiзде дүниеге келер уа­қытын күтiп жатқан нешеме нышандар бар. Зерттелмей жатқан образдар қаншама, мына кезең өткен соң (бұл кезең ерте ме, кеш пе, өтерi анық) айтылатын сөздер қаншама?! Бiз сол кезде «тоқырау кезеңi ақындарына» қайта ораламыз. Неге жазды, не жазды, неге жазбай кеттi – бәрi қайтадан сараланатын болады. Сондай зерттелмей келе жатқан нысанның бiрi – қазақ жырындағы Әже образы», — деп жазған екен.

Читать еще:  Карданные муфты для соединения валов

Иә, қазақ поэзиясындағы әже бейнесі үлкен бір зерттеуді қажет етеді. Осы орайда, Мassaget.kz сайты ақындарымыздың «әже» тақырыбындағы жырларын топтастыруды жөн көрді. Бірге оқиық!

Жұмекен Нәжімеденов

ӘЖЕМЕ

Байғұс әжем, бір жыл болды, бір жол болды – көрмедім,

Көрмедім мен бурыл шашты кәрі қолдың өргенін.

Көрмедім мен сиыр айдап, отқа тезек салғанын,

Көлеңкеге құрып қойған ала жолақ өрмегін.

Еркелетсе – ермегі едім, жалғызы едім мен оның,

Әжем үшін жалғыз өзім – бір рулы ел едім,

Сағындым-ау сарғыш тартқан ертегісін, өлеңін.

Біздің жақтан жел ескенде желмен бірге келеді

«Қарашығым, тамағыңды іш, деміңді алшы!» – деген үн.

Дәл осы сәт отыр ма екен, отыр ма екен ине алып,

Жіңішке ине, жіңішке жіп – өткізе алмай қиналып,

Әлде, әлде бір шүйкесін көршідегі тентек ұл

Алып қашып бара ма екен көк шыбыққа «бұйда» ғып?!

Сондай кезде ойлайды ғой, ойлайды ғой мені ылғи,

Сондай кезде қандай екен кәрі әжемде көңіл күй,

Көңіл шіркін! Нұрлы сәуле, әлсін-әлсін тіріліп,

Әлсін-әлсін елес берер, елес берер бір үміт.

Источник: massaget.kz

Еске алу олендери олген адамга

Әсерлі өлең жолдары

Әсерлі өлең жолдары запись закреплена

Бiр досым бар — менi сөгіп, күндейдi,
Бiр досым бар — менi сырттай жөндейдi.
Бiр досым бар — ештеңеден тайсалмай,
Емiн жарқын, аман-есен жүр дейдi.

Показать полностью…
Бiр досым бар — ылғи менi сөгедi,
Бiр досым бар — зарын маған төгедi.
Бiр досым бар — ылғи менi қорғаштап,
Бiр мен үшін қажет болса өледi.

Бiр досым бар — сырын маған айтады,
Бiр досым бар — сөзi маған батады.
Бiр досым бар — оның берген кеңесi,
Көңiлiмнен әр-кез шығып жатады.

Бiр досым бар — есiмiмдi мақтаған,
Бiр досым бар — дос болса да жат маған.
Бiр досым бар — көтеретiн көңiлiмдi,
Соны көрсем қуаныштан шаттанам.

Бiр досым бар — үмiтiмдi жалғайтын,
Бiр досым бар — сәлемiмдi алмайтын.
Бiр досым бар — бiлсең айтшы дегенде
Бiлсе-дағы бiлмеймiн деп алдайтын.

Бiр досым бар — қиындықтан қашпайды,
Бiр досым бар — барсам есiк ашпайды.
Бiр досым бар — қолда барын ұсынып,
Мерейiмдi бiр өсiрiп тастайды.

Бiр досым бар — тату-тәттi бәрiмен,
Бiр досым бар — жүршi дейдi әрiмен.
Бiр досым бар — ақыл қосар әр кезде
Дос дегенiң жақсы екен ғой бәрiнен!

  • Записи сообщества
  • Поиск

Әсерлі өлең жолдары запись закреплена

Анашым, туған күніңмен!

Өмір бердің, көз бердің, көрік бердің,
Көңіл бөлдің, дос болдың, серік болдың.
Өзің салған, баулыған дара жолмен,
Показать полностью…
Ана болған жасқа да келіп қалдым.

Ендеше жыр арнайын думан күнге,
Баста бақ, көңілде күн тұрған күнде.
Әрдайым жүзіңізден жылу кетпей,
Жетіңіз туған күннен туған күнге!

Саған ғана сенемін, жұбанамын,
Қабағыңды жазғанда қуанамын.
Басты байлық саулығың ол мен үшін,
Күнде Алладан осыны сұранамын.

Сендей болмас ешкімнің де өпкені,
Еркелеттің Айдөкөм ғой деп мені.
Сендей болмас ешкімнің де күлкісі,
Сендей болмас ешкімнің де түр түсі..

Сен данасың, сен дарасың анашым,
Мәпелеген, жетелеген баласын.
Қанат қағып өз қияма қонсам да,
Жүрегімде мәңгі орын аласың.

Өзің барда беделдімін, биікпін,
Бар ақылды тек өзіңнен жиыппын.
Аяулы ана, асыл жар боп бүгінде,
Шаңырақты айрандайын ұйыттың.

Өзің барда мақтанамын, марқаям,
Қыр гүліндей көріктеніп жайқалам.
Еркелетіп, маңдайымнан бір өпсең,
Жаңа туған сәбидеймін қайтадан..

Еңбектендің, көрдің өмір бейнетін,
Кешірдің сен артық кетсем кейде тым.
Ойнап кулип немерелер қасында,
Күн де туды көрер соның зейнетін.

Әкем асқар тауымыз ғой өмірде,
Үш құлының ізбасарың тегінде.
Олай болса, еш уайымсыз анашым,
Шалқығын сен бар бақыттың төрінде!

Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі,
Өзіңсің ғой көңілімнің жыр емі.
Осылайша тебіреніп, толғанып,
Сыр шертеді,перзентіңнің жүрегі..

Әсерлі өлең жолдары запись закреплена

Достарыммен бір көлікте күліп — ойнап,
Қонақ үйдің алдына келдік жайлап.
Лəззəт сыйлар ақша үшін бір топ қыздың,
Показать полностью…
Ордасына келді жастық желі айдап.

Темекі мен əтір иісі араласып,
Төсіменен балтыр жағы жалаң-ашық,
Келіп бір қыз көлікке еңкейді де,
Деді маған: «жігітім,далаға шық!»

Жақтыртпай кеп темекінің сасығын.
Есікті ашып түсіп жатсам ақырын,
Бір топ қыздың арасынан таныс жүз,
Қарап тұрды бетін жауып, жасырын.

Қысқа етек, мойнына шынжыр таққан,
Сылқымдардың арасынан өзін сатқан,
Танып қойдым ғашық болған сол қызды,
Бір кездері көздерінен бақыт тапқан.

Арын сатқан сайтандарға еріген,
Шашы ұшып салқын түннің лебімен.
Көз жанарын төмен салып тұр сол қыз,
Үш жарым жыл қол ұстасқан менімен.

Үш жарым жыл құшағымда өскен гүл,
Үш жарым жыл көңіліме сепкен нұр,
Мені тастап кетіп қалып басқамен,
Қансыратып жүрегімді кескен гүл.

Сатып бұлай кеттің неге тəніңді?!
Ауырттың ау мына ісіңмен жанымды.
Тап төбемнен жай түскендей сезілді,
Көріп сенің аянышты хəліңді.

Көздерінде қуаныштан от жанған,
Қойынына əрбірі бір қыз алған,
Достарым қонақ үйге кіріп барады,
Жарықтары бір көгеріп, бір қызарған.

«Құрбыларың» достарыма еріп кетті,
Бірін — бірі бір түнге серік етті.
Ал екеуміз далада жалғыз тұрмыз,
Арамызға тыныштық келіп жетті.

Желбіреп тұр қара, қысқа көйлегің,
Өткізіп ап бастан біраз ой легін,
Сəлден кейін «Не істейсіз? Аласыз ба?»
Деп дірілдеп төмен қарап сөйледің.

Ал мен тұрмын əзер əзер жұтынып,
Сөйлей алмай, діріл қағып тұтығып,
Шегіншектей артқа қадам бастым мен,
Кететінідей өз ойымнан құтылып.

Бара жатып еріксізден жыладым,
Мына өмірден «бұл қалай?!»деп сұрадым.
Ал артымда қалып қойған «Арзан қыз»
Тізерлей кеп сұлық жерге құладың.

Көз жасы кеп үнсіз қыздың жылаған,
Балтырына домаланып құлаған.
Сүйген мына жүрегім Жаратқаннан,
Амандығын сол бір қыздың сұраған.

Бір кездері қол жетпеген арман қыз,
Енді артымда жер құшақтап қалған қыз.
Енді өмірі кездеспей-ақ қояйық,
Жыламашы, аман болшы «арзан қыз».

Источник: vk.com

Еске алу Досымбекова Барқұт Есдәулетқызы (бауырлары)

Бауыр десе жұлып берер жүрегін,

Әпке деген асыл жан дүниедегі!

Руы Тобықты – Ақсары – Назар

Досымбекова Барқұт Есдәулетқызы

1 жыл өтті өзіңді көрмегелі,

Еске аламыз жарқылдаған жүзіңді.

Қойны суық қара жерге бере алмай,

Сағыныштан ет жүрегіміз езілді.

Амал бар ма құдіреті күшті Құдайға,

Не істерін Алла бізден сұрай ма?

Асыл бауыр, ақ жүзіңді сағынамыз,

Алланың жазғаны ғой не қыламыз.

Сонда да ойлай-ойлай нұр жүзіңді,

Туған-туыс, дос-жаран боп еске аламыз.

Алла салды басымызға сынақты,

Жиі еске алсын деп пе жылатты.

Қайғыс мен қызығы көп өмір-ай,

Бірде көтеріп, бірде жығып, құлатты.

Апатай, шаңыраққа болдың пана,

Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.

Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,

Сағындық қой сізді, баршамыз да.

Бауырлардың әрдайым тірегі едің,

Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.

Болмасаң да бүгін біздің жанымызда,

Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.

Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,

Сағынышпен туғандары еске алады.

Өзіңізбен тәрбір өткен күндеріміз,

Жадымызда мәңгіге сақталады!

Мәңгілік кім бар дейсің бұл жалғанда,

Ортада жүрсең өзің арман бар ма?

Қапияда кеттің-ау «қош» дей алмай,

Жақындарға, туған-туыс, бауырларға.

Арамыздан кете бардың алыстап,

Уайым-қайғы жүректерді жаныштап.

Пейіштің төрі болсын орыныңыз,

Рухыңызға дұға оқимыз бағыштап.

Мейіріммен жымиған күлкіңізді,

Еске алып мәңгілікке сағынамыз.

Жатқан жерің, жан бауыр, жайлы болып,

Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде!

Сұм ажалдың дегеніне бағындық,

Бір Аллаға жалбарынып жалындық.

Ортамыздан табылмадың, апатай,

Нұр бейнеңді бүгін біздер сағындық.

Сағынып таусылардай көздің жасы,

Өмірдің тоқтағандай бар ағысы.

Елесің арман болды, жыл өткердік,

Қиылған бауырымның ғұмыр жасы.

Кетпейді құлақтан еш бөлек үнің,

Әттең-ай кім біледі жөнелерін.

Алладан медет тілеп дұға етеміз,

Туысқан нағашы жұрт, бауырларың.

Пейіштен берсін деймін саған орын,

Несіп етсін көруге жұмақ төрін.

Бақыл бол, апатайым, жан бауырым!

Сақталар жүректерде сенің орның!

Мекенің жұмақ, мінгенің пырақ, қараңғы үйің жарық болсын, асыл бауырым!

Сағына еске алушылар: әкесі – Есдәулет, бауырлары, күйеу балалары, келіндері, жиендері.

Источник: orken-media.kz

Ссылка на основную публикацию
Adblock
detector